«Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС МЕМСТ ИСО/МЭК 17043-2013 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруге қойылатын негізгі талаптар»» стандартына сәйкес сынақтардың сапасын бағалау мақсатында зертханааралық салыстырулар (ЗС) арқылы біліктілікті тексеру бағдарламаларын (БТБ) жүзеге асыру бойынша бойынша жұмыстарды жоспарлайды және ұйымдастырады.
МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыретіне қойылатын жалпы талаптар» сәйкес зертхана біліктілік сынақтарына қатысу арқылы өз қызметіне мониторинг жүргізуі керек.
БТБ міндеті – жеке зертханалардың нақты сынақтарды немесе өлшеулерді жүргізу мүмкіндігін анықтау.
Біліктілікті тестілеу (біліктілік тестісі) – ХӨЖ (МЕМСТ ISO/IEC 17043-2013) көмегімен алдын ала белгіленген критерийлер бойынша қатысушының жұмыс істеу сипаттамаларын бағалау.
Зертханааралық салыстыру нәтижелерін келесі тапсырмаларға қолдануға болады:
- сынақ зертханаларында (СЗ) қолданылатын сынақ әдістерінің салыстырмалылығын бақылау және олардың тұрақты мониторингісі;
- әртүрлі сынақ зертханаларында СЗ алынған сынақ нәтижелерінің салыстырмалылығын анықтау;
- сынақ зертханаларымен СЗ алынған сынақ нәтижелерінің сапасына тұтынушылардың қосымша сенімін қамтамасыз ету;
• тестілеуге тікелей қатысатын тұлғалардың біліктілігін растау