Қазақ ҒЗВИ шаруашылық жүргізуші субъектілердің ветеринариялық салауаттылығын ғылыми қамтамасыз ету бойынша қызметтерді (жұқпалы және жұқпалы емес аурулар бойынша эпизоотиялық жағдайды бағалау, жануарлар ауруларының балауы, эпизоотияға қарсы іс-шараларды әзірлеу, балаулық, алдын алу және емдік дәрмектер, ветеринариялық қызметті жүргізуге тәжірибеліқ көмек көрсету) келісім шарт негізінде Қазақстан Республикасының әрбір облысы бойынша көрсетеді және ветеринариялық өнімдерді өткізеді.
10 құрылымдық бөлімше мен 6 филиалда 82 ғылыми қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 11-ғылым докторы, 29-ғылым кандидаты, 9-PhD докторы, 28-магистр және 5-докторант
Институт жануарлардың аса қауіпті жұқпалы және инвазиялық ауруларының балауы, тағам өнімдерінің қауіпсіздігі, биоветеринариялық дәрмектердің, жемшөп пен жемшөп қоспаларының МЕМСТ ИСО/МЭК 17025-2009 талаптарына сәйкес сапасын анықтау бойынша сынақ орталығы және МЕМСТ ISO/IEC 17043 – 2013 сәйкес аса қауіпті індеттердің зертханалық балауы бойынша біліктілік сынауының провайдері ретінде аккредиттелген.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Режимдік комиссиясының II, III, IV патогендік топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен тәжірибелік, балаулық және өндірістік жұмыстарды жүргізуге рұқсаты, институттың кәсіби құзыреттілігін растайтын сертификаттары мен мемлекеттік лицензиялары бар.
2015 жылы Институт ISO/IEC 17043 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тестілеуге қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша Қазақстан Республикасы аумағындағы ветеринариялық зертханалар мен анықтамалық орталықтардың біліктілігіне тест жүргізу құқығына ие..
Қазақ ҒЗВИ тестілік және әдістемелік базамен толық қамтамасыз етілген, сапа менеджменті талаптарына сәйкес нормативтік құжаттар мен стандарттарды пайдаланады.
Келісімшарттар жасау және бірлескен қызмет туралы сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады:
+7 (727) 233-7267, 233-72-69.
Препараты и разработки
Ежегодно по заданию Комитета ветеринарного контроля и надзора МСХ РК ученые института участвуют в разработке противоэпизоотических мероприятий при карантинных и особо опасных болезнях с учетом данных эпидемиологии и факторов риска появления и распространения заболеваний, научно обосновывают различные нормативно-правовые акты в области ветеринарии, проводят экспертизу на нормативно-техническую документацию ветеринарных препаратов отечественного и зарубежного производства, осуществляют испытания регистрируемых в стране ветеринарных препаратов на соответствие их технической спецификации.