мал шаруашылығы ғылымдары академиясының ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты
Жануарлардың бруцеллезі мен эхинококкозы бойынша диагностикумдарды әзірлеу, енгізу және сынақтан өткізу бойынша бірлескен ҒЗЖ.
Франция, Париж, Халықаралық эпизоотиялық бюро
аса қауіпті індеттер бойынша таза деген ҚР аумағының еркін мәртебесін алуға арналған құжаттаманы қалыптастыру, Аусылды бақылаудың ұлттық бағдарламасын әзірлеу және валидациялау, бруцеллезге, лейкозға және т. б. жұқпалы індеттерге қарсы күрес стратегиясын жаңарту және техникалық қолдау.
Ұлыбритания, Пирбрайт, Жануарлар денсаулығы институты
Орталық Азия елдерінің аумағында айналатын аусыл вирусын анықтау және ажырату үшін арнайы тест-жүйелердің генін әзірлеу. Аусыл бойынша ҚР аумағының салауаттылығын растау, ҚР-да қолданылатын вакциналардың сапасын анықтау бойынша бірлескен зерттеулер
Ұлыбритания, Вейбридж, Жануарлар мен өсімдіктердің денсаулық сақтау агенттігі
ХЭБ құс тұмауы және Ньюкасл ауруы бойынша референс анықтамалық зертхана мәртебесін алу мақсатындағы Твиннинг егіз жобалар
Италия, Турин, Зоопрофилактика институты
бөлінген бруцелла өсінділерін және ҚР аумағындағы айналымда жүрген 160 бруцелла колекциялық штаммдарының молекулярлық-генетикалық тұрғыдан түрлерін ажырату. Дәйексөз индексі бар ғылыми жарияланымдар
Швейцария, Цюрих, Ветсуиссе эпидемиология институты Цюрих университетінің факультеті
Зооноздық инвазиялардың эпидемиологиясы. Дәйексөз индексі бар ғылыми жарияланымдар
Польша, Пивет, Ұлттық ветеринариялық зерттеу институты
Ірі қара малдың лейкоз вирусының молекулалық талдауы. ІҚМ энзоотиялық лейкозын балау үшін оң стандартты қан сарысуын әзірлеу
Франция, Тулуза, Тулуза жоғары ұлттық ветеринариялық мектебінің эпидемиология курстары
аса қауіпті індеттер эпидемиологиясының курстары
ҚХР, Қытай, Янлин қ., Шэньси провинциясы, Солтүстік-Батыс Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті
Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау әдістері мен стандарттарын оқыту бойынша бірлескен зерттеу бағдарламалары мен ғылыми тағылымдамалар. Институт зертханасын халықаралық аккредиттеу және ҚХР-ға экспортталатын ет өнімдерінің сапасын бағалау.
Бельгия, Брюссель, Sciensano
ҚР аумағындағы нодулярлы дерматит вирусының молекулалық эпидемиологиясы. ІҚМ нодулярлы дерматитіне қарсы вакциналардың сапасын анықтау бойынша бірлескен жұмыстар
Ресей, Владимир, "Жануарлар денсаулығын қорғаудың Федералдық орталығы"
институттың жас ғалымдарының ЖДҚФО ғылыми тағылымдамалардан өткізу және аспирантурасында оқыту
Ресей, Новосибирск, Сібір және Қиыр Шығыстағы тәжірибелік ветеринария институты
ғылыми монографияларды, паразитология бойынша оқу құралдарын жариялау
Ресей, Владимир, "БиоХимФарм" АБҚ
жабайы етқоректі жыртқыш жануарларға арналған жем-брикеттер түріндегі құтыруға қарсы вакцина жасау технологиясын әзірлеу жөніндегі бірлескен жоба