Эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге институттың қосқан үлесі

Қазақ ҒЗВИ мен оның филиалдары (6 филиал) эпизоотиялық жағдайға мониторинг жасаумен және болжаумен, жануарлардың ауруларымен күресудің құралдары мен әдістерін әзірлеумен, ҚР аумағының ветеринариялық-санитариялық салауаттылығын ғылыми қамтамасыз етумен, және де жануарлар және өсімдіктерден алынатын өнімдердің, шикізаттың қауіпсіздігін бақылаудың, сапасын бағалаудың құралдары мен әдістерін іздестірумен айналысады.


Тек соңғы 5 жылдың ішінде халықаралық эпизоотиялық бюромен (ХЭБ) жасалған шарт шеңберінде ХЭБ сарапшылары өткізген миссиялардың нәтижелері бойынша институт  ғалымдары жануарлардың бруцеллезі мен ІҚМ лейкозымен күресу стратегиясын әзірледі. Еуразия елдерінің практикалық ветеринарлық қызметі үшін ХЭБ-тің «PVS Pathway» бағдарлы  оқу семинарлары  жүзеге асырылды. Шошқаның классикалық обасы бойынша елдің мәртебесіне бағалау жүргізілді, ұсақ күйіс  малдарының обасын және ІҚМ жұқпалы плевропневмониясын бақылау бағдарламалары бойынша Қазақстанның өтінімі қаралды. ХЭБ-ке өтінім бере отырып, аусыл бойынша вакцинациясыз 5 аймаққа республиканың 9 облысының және вакцинациялаумен республиканың 5 облысының территориясына  аймақтандыру  жасалды. Республиканың 9 облысының территориясының жануарларды вакцинациялаусыз салауаттылығын растайтын  5  ХЭБ сертификаты және республиканың 5 облысы территориясының вакцинациямен  салауаттылығын  растайтын 5 ХЭБ сертификаты алынды. Қазақ ҒЗВИ-мен бірге ХЭБ-ке дайындалған өтінімдер бойынша әртүрлі аса қауіпті инфекциялар бойынша ел аумағының  салауаттылығын  растайтын 13 сертификат алынды.


Бруцеллезбен күресудің ұлттық стратегиясы әзірленді, оның негізгі ережелері 29.07.2015 ж. № 7-1/587 Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға енгізілді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 жылғы №206 бұйрығымен бекітілді, және эпизоотологиялық/эпидемиологиялық бірліктерді компартментализациялаумен кейбір басқа да инфекцияларға қарсы күресті күшейту жөнінде  шаралар  әзірленді.


7 аса қауіпті инфекциялар мен инвазиялардың (аусыл, лейкоз, құтыру, бруцеллез, моракселлез, ауыл шаруашылығы жануарлары мен адамның эхинококкозы, сібір жарасы) эпизоотиялық ошақтары бойынша сандық және сапалық көрсеткіштері бар автоматтандырылған режимде көрсетілетін электрондық деректер базасы алғаш рет әзірленді.


Эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету үшін аса қауіпті 10 инфекция мен инвазиялар (аусыл, нодулярлы дерматит, ұсақ күйіс малдарының обасы, лейкоз, бруцеллез, моракселлез, эхинококкоз, қойлардың катаралды қызбасы, шошқалардың африкалық обасы, кеміктәріздес энцефалопатия) бойынша ветеринариялық-санитариялық шаралар ХЭБ талаптарына сәйкес әзірленді.


Мемлекеттік бюджет қаражатын тиімді пайдалану және эпизоотияға қарсы шаралардың сапасын арттыру үшін ҚР территориясында  ұсақ күйіс малдарының обасын және қойлардың катаральды қызбасын алдын алу мақсатында жүргізілетін ветеринариялық шаралардың экономикалық тиімділігіне талдау жүргізілді.


Әдістемеге сәйкес әзірленген экономикалық модель ҚР-дағы қойлардың катаральды қызбасыныңмониторингіне жұмсалатын шығындардың жоғары тиімділігін көрсетті: жұмсалған әрбір теңгеге алдын алу залал 57 теңгені құрады. Ұсақ күйіс малдарының обасы  кезінде жүргізілетін ветеринариялық шаралардың экономикалық тиімділігі жұмсалған әрбір теңгеге 8 000 теңгені құрады.


Микроорганизмдердің микробтарға қарсы препараттарға төзімділігін тежеу бойынша іс – әрекеттің Ұлттық  жоспары  және «өндірістің-тұтынудың» барлық кезеңдерінде мал шаруашылығы өнімдерінің тағамдық қауіпсіздігін бақылау Бағдарламасы  әзірленді.
Эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету  жағынан Қазақ ҒЗВИ қызметкерлері «Байсерке-Агро» агрохолодингінде үлкен ғылыми-тәжірибелік  жұмыс жүргізді.
Мемлекеттік комиссия «Байсерке-Агро» ЖШС бойынша ұсынылған нәтижелерді қарап, ҚР ғылым және техника саласындағы  әл – Фараби  ат.  мемлекеттік сыйлықты авторлар ұжымына берді, оның ішінде Қазақ ҒЗВИ қызметкерлері, үш ветеринария ғылымдарының докторы бар.


Бағдарламаларды іске асыру барысында соңғы 5 жылда институт ғалымдарымен 33 ұсыныстар, халыққа арналған 21 ақпараттық плакаттар мен жадынамалар жасалып, жарияланды, институттың 7 әзірлемесі ветеринариялық препараттардың мемлекеттік реестрінде тіркелді.  52 қорғау  құжаттары  алынды, оның  ішінде 2 еуразиялық патент. 10 еңбектер жинағы мен  монографиялар, 399 ғылыми мақалалар, соның ішінде халықаралық дәйексөз журналдарында, импакт – факторы  бар 19  мақала  жарияланды. 324 шаруашылық  нысандарына ғылыми-әдістемелік көмек және  консалтингтік  қызметтер  қөрсетілді.


2018-2020 жылдары ҚР АШМ  ВБҚК тапсырмасы бойынша 76 халықаралық және мемлекетаралық нормативтік құжаттар мен 19 ұлттық нормативтік құжаттарға ғылыми негіздеме жүргізілді.
Жалпы  айтқанда институт ғалымдары 58 ҒТҚН әзірледі, оның  ішінде 24-і  бүгінгі таңда коммерциялық қызығушылыққа ие.
Соңғы 3 жыл ішінде жалпы сомасы 42 млн теңгеден асатын өзіндік әзірлемелер сатылды.

ҚазақҒЗВИ-ның ғылыми, инновациялық және өндірістік қызметтерінің бағыттары

1. Ветеринария саласында іргелі (жануарлардың ауру қоздырғыштарының гендік құрылымын зерттеу; жануарлар ауырған жағдайда иммундық-биологиялық көрсеткіштерін зерделеу; жануарлардың жұқпалы ауру қоздырғыштарының гендік түрленгіштігін зерделеу; ҚР-ның  аумағында кездесетін зооноздық инвазиялар қоздырғыштарының молекулярлық-генетикалық сипаттамасын анықтау) және қолданбалы (балаулық және емдеу-алдын алу препараттарды өндіру) зерттеулерді жүргізу.
2. ҚР аумағының эпизоотиялық саулығын қамтамасыз ету үшін ғылыми негізделген ұсынымдарды дайындау мақсатында ветеринарлық іс-тәжірибесінің сұраныстарына жауап беретін ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау.
3. Жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша саулығын сақтау үшін жүргізілетін ветеринарлық-санитарлық шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында гранттық жобаларды орындау.
4. Жануарлардың аса қауіпті және аз зерттелген аурулары бойынша ХЭБ референттік зертханаларымен, жақын алыс шетелдердің жетекші ғылыми ордаларымен бірлесіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқару.
5. ҚР аумағында және шекарамен шектес елдерде кездесетін ауру қоздырғыштарын ескере отырып, ауруды балау, оның алдын алу және емдеу құралдары мен әдістерін әзірлеу.
6. Шикізат және мал шаруашылығы мен өсімдік текті өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау және сапасын бағалау құралдары мен әдістерін қарастыру.
7. Аса қауіпті және зооантропоноздық аурулар кезінде қолданылатын биопрепараттарды өндіру және технологияны жетілдіру.
8. ҚР аумағының аса қауіпті инфекциялардан аман-сау статусын алу мақсатымен жасалатын ХЭБ ғылыми комиссияның қаралуына Құжаттама дайындау үшін жануарлардың бөлек аса қауіпті аурулар бойынша эпизоотологиялық мониторингті жүргізу.
9. Жануарлардың жұқпалы және инвазиялық ауруларының (30 ауру) эпизоотикалық ошақтары бойынша ГАЖ- технологиясының қолдануымен электрондық ақпараттық жинақты жүргізу.
10. Кіріктірілген ақпараттық мал шаруашылығы мен ветеринария жүйесін жүргізу бойынша; аса қауіпті, зооантропонозды және тосын ауруларының пайда болу мен таралу қауіпін  болжау, бағалау, басқару бойынша Қазақ ҒЗВИ-да құрылған ақпараттық-талдау бөлімінің материалдары.
11. Жеке аса қауіпті инфекциялар бойынша жүргізілетін эпизоотияға қарсы шаралардың экономикалық тиімділігін саралау.
12. ҚР аумағының эпизоотиялық саулығын қамтамасыз етуіне арналған ұлттық бақылау бағдарламаларды, аурумен күресу стратегиялары мен ұсынымдарды дайындау.
13. Ветеринария саласында малды экспортау және импорттау кезінде, ЕАЭО ветеринарлық сертификаттарды, халықаралық және мемлекет аралық стандарттарды қарастыру кезінде, эпизоотиялық саулығын қамтамасыз етуіне қатысты нормативтік-құқықтық құжаттарды ғылыми негіздеу.
14. Эпизоотиялық ошақты тоқтату мақсатында диагнозды растау мен ғылыми негізделген іс-шараларды дайындап, республика аумағында аса қауіпті аурулардың өршу жағдайлары бойынша жедел және негізделген шешімдер қабылдау үшін бірлескен жұмыстар атқару.
15. Індет пайда болған кезде және ұзаққа созылған инфекциялар болған кезде, сонымен қатар жекелеген аса қауіпті инфекциялар (бруеллез, лейкоз және т.б.) бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерді сауықтыру әдістеріне қатысты даулы мәселелер туындаған кезде шаруашылық жүргізуші субъектілерге (фермерлік, шаруа қожалықтары) консультациялық, ғылыми-әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
16. Аккредиттелген зертханадар базасында ветеринариялық дәрігерлерді, эпидемиологтарды, серологтарды, бактериологтар мен вирусологтарды оқыту және эпизоотология, зертханалық диагностика, қолданылатын биопрепараттардың сапасын анықтау саласында ветеринариялық мамандардың біліктілігін арттыру курстарын уйымдастыру арқылы кадрлар даярлау.
17. Аса қауіпті инфекциялар диагностикасы бойынша ветеринариялық зертханалардың біліктілігін тексеруді жүзеге асыру. Қазақ ҒЗВИ 17043-2014 стандарты бойынша біліктілікті тексеру провайдері ретінде ҚР-дағы жалғыз институт.
18. 17025-2019 стандарты бойынша ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі саласында жаңадан  аккредиттелетін жеке және мемлекеттік ұйымдармен зертхана аралық салыстыру сынақтарын жүргізу. ҚазақҒЗВИ, аккредиттеу саласы жануарлардың 30-дан астам ауруларын балау және жануарлар мен өсімдік тектес өнімдер сапасын бағалауды қамтитын, ҚР-дағы аккредиттелген жалғыз ұйым.
 
 
 
 

Закрыть меню