Войти Регистрация

Login to your account

Username *
Password *
Remember Me

Create an account

Fields marked with an asterisk (*) are required.
Name *
Username *
Password *
Verify password *
Email *
Verify email *

«ҚазҒЗВИ» ЖШС – Зерттеу орталығы

Зерттеу орталығы «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институтының» ЖШС құрылымдық бөлімі болып табылады және ЗО жөніндегі Ереже негізінде жұмыс жасайды.

Зерттеу  орталығы акккредиттелген:

2013 жылы ССҚ/ХЭБ 17025-2009 МемСТ  бойынша ҚР АҰО

 «Зерттеу және калибрлеу зертханаларының біліктілігіне жалпы талаптары» бойынша аккредитациядан өткен (28.06.2013 ж. №KZ.И.02.1395. Аккредитация аттестаты). ILAC MRA және NCA құрама белгісі берілген

- 2015 жылы аккредитация саласын 8 бағдар бойынша кеңейту жүзеге асырылды  (26.06.2015ж. №KZ.И.02.1395 аккредитация аттестаты)

- 2017 жылы аккредитация саласын 11 бағдар бойынша кеңейту жүзеге асырылды  (17.03.2017жылы  енгізген  өзгерістермен №KZ.И.02.1395 аккредитация аттестаты)

 

 

     

 

 

ІІ, ІІІ, ІV топтардағы патогендік микроорганизмдермен жұмыс жасау үшін, Алматы қаласының мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау Комитеті Департаментінің және РМКМ «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау және мониторинг жүргізу ҰАО», ҚР СанЕжН санитарлық талаптарына сәйкестігі жөнінде ҚР ДМ МСЭБАК оң нәтижелі қорытындысын, ІІ, ІІІ, ІV топтардағы патогендік микроорганизмдермен диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге ҚР ДМ Режимдік комиссиясының рұқсатын алды.

Прекурсорлар айналымы қызметіне мемлекеттік лицензия (31.07.2014 ж., №14011000.) алынды.

Зерттеу орталығының құрылымы: вирусология зертханасы, бактериология зертханасы, паразитология зертханасы, бруцеллез зертханасы, микроорганизмдердің генетикасы зертханасы, биохимия және иммунология зертханасы.

Зерттеу орталығының ұйымдастырушы құрылымы  жауапты атқарушылар арасында белгіленген нақты жауапты қызметтерін орындауға қолайлы жағдай жасайды.

Зерттеу жүргізуге арналған бөлмелер стандарт талаптарына сай.

Аккредитация саласына сай жұмыс атқару үшін, Зерттеу  орталығы жаңа, техникалық ақаусыз, сенімді және аттестацияланған, жоғары дәлдікті құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Зерттеу орталығының барлық қызметкерлері, жұмысты аккредитация саласына сай орындау үшін, арнайы кәсіби дайындығы, техникалық білімі мен тәжірибелері бар.

Зерттеу орталығы қызметкерлерінің құрамы жеткілікті және лауазымдық нұсқаулықтар мен сапа жүйесінің құжаттарына сәйкес жұмыс жасайды.

Зерттеу орталығының қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарында оқиды, басқа да аккредитацияланған зертханаларда, ғылыми-зерттеу орталықтарында білімдерін шыңдайды; жәрмеңкелерге, семинарлар мен конференцияларға қатысады.

Біліктілікті арттыру Қазақстанда, сондай-ақ шетелдерде: Ресейде, Грузияда, Қытайда, Түркияда, Бельгияда, Англия, Германия, Франция, Польша, Оңтүстік Корея, Швейцарияда  өткізіледі.

Зерттеу орталығы жұмысты аккредитация саласына сай жүргізуге қажетті барлық, зерттелетін өнім мен зерттеу әдістері талаптарының нормативті құжаттарымен, құрал-жабдықтарға және оларды қолдану тәртібінің техникалық құжаттарымен, ұйымдастырушылық-әдістемелік құжаттарымен қамтамасыз етілген.

 

Аккредитация саласы

 

Зерттеу орталығының ұжымы өзара тиімді, әрі ұзақ мерзімді қызметтес болуға дайын! Сіздер мұндағы қызметкерлердің жоғарғы біліктілігін және техникалық сауаттылығын, тапсырылған жұмыстарды орындаудағы жылдамдығын, сенімділігін және беделін бағалайтын боласыздар!

 

Келісім шарт формасы

Қызметтердің болжамды бағасы

Келісім шарт + бағалау WORD

 

Біздің байланысымыз:

«ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ВЕТЕРИНАРИЯ ИНСТИТУТЫ»

Жауапкершілігі шектеулі  серіктестік

050016, Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 223

 

+7 (727) 233 7271

+7 (727) 233 7271

 

Е-mail: кaznivialmaty@mail.ru

Зерттеу орталығының басшысы – Оспанов Ержан Қалиолдинович

Сапа менеджері – Илимбаева Альмира Кумархановна