Войти Регистрация

Login to your account

Username *
Password *
Remember Me

Create an account

Fields marked with an asterisk (*) are required.
Name *
Username *
Password *
Verify password *
Email *
Verify email *

ҚазақҒЗВИ шаруашылық Келісім шарт негізінде, ҚР-ның әрбір аймағындағы шаруашылық субъектілерінің ветеринарлық қолайлылығын ғылыми қамтамасыз ету қызметтерін (жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың індеттік жағдайын бағалау, мал  ауруларын  балау, індетке  қарсы  шараларды дайындау, диагностикалық, профилактикалық және терапевттік препараттар жасау, ветеринариялық шаралар жүргізу кезінде тәжірибелік көмек көрсету) ұсынады және ветеринариялық өнімдер шығарады. 

Институттың ғылыми потенциалы (110 ғылыми қызметкер, оның ішінде 22 ғылым докторлары, 41 ғылым кандидаты, 2 PhD докторы, 34 магистр) және шаруашылық субъектілерін сауықтырудағы тәжірибесі ҚазақҒЗВИ-на жұмысты жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде орындауға мүмкіндік береді. 

Институтта 10 ғылыми бөлім және республиканың барлық аймақтарындағы 11 филиал қызмет етеді. Зертханалардың материалдық-техникалық базасы сапа стандарттарына сәйкес келеді және ветеринария бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын халықаралық стандартқа сай жүргізуді қамтамасыз етеді. 

Институт, малдардың аса қауіпті жұқпалы ауруларын диагностикалау бойынша, тағам қауіпсіздігі, биоветпрепараттарды, жем және жем-шөптік қоспаларды сапа стандарттарына сәйкес сертификациялау бойынша, зерттеу орталығы ретінде ҚР СТ ССҚ/ХЭБ 17025 бойынша аккредитацияланған (Аккредитация аттестаты №KZ.И.02.1395, 28.06.2013 ж.). ILAC MRA және NCA құрама белгісі алынған. Нәтижелердің нақтылығын растау үшін зертханалық құрал-жабдықтар аттестацияланған, өлшеу құралдары тексеруден өткен. 2015 жылы аккредитация саласы 8 бағдар бойынша кеңейтіліп, 26.06.2015 жылы №KZ.И.02.1395 аккредитация аттестаты алынды. ҚР СТ ССҚ 9001-2009 «Сапа басқару жүйесі. Талаптар» стандарты енгізілді (18.07.2014ж. KZ.7500968.07.03.0007 сәйкестік сертификаты).

2015 жылы институт «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексерудің жалпы талаптары» ISO/IEC 17043 стандарты бойынша аккредитацияланды, яғни ҚазҒЗВИ ҚР аумағындағы ветеринарлық зертханалар мен референттік орталықтардың біліктілігін тексеруге құқылы.

ҚазҒЗВИ тәжірибелік және әдістемелік тұрғыдан толық қамтамасыз етілген, сапа менеджменті талаптарына сай нормативтік құжаттар мен стандарттар қолданады.

Келісім шарт жасау және бірлесіп қызмет ету сұрақтары бойынша мына байланыс телефондарға хабарласуларыңызға болады:

+7 (727) 233-7267, 233-7269.

Келісім шарт үлгісі тіркелген    PDF бойынша   Word арқылы жүктеу

 

             «ҚазҒЗВИ» ЖШС биопрепараттары

Биопрепараттардың атауы

Өнімнің авторлары

(ғалымның Т.А.Ә.)

Өнімнің бірлігінің құны

 

1

Пластинкалы агглютинация реакциясына арналған Роз-бенгал антигені

Султанов А.А. Барамова Ш.А.

1 мл/2000 тг

2

АР, КБР және КҰБР арналған бірыңғай түсті антиген

Султанов А.А. Барамова Ш.А.

 

3

Жылқы сақауына қарсы вакцина

Намет А.М.

550 тг/мөлшер

4

Жылқының індеттік лимфангитін серологиялық балауға арналған жиынтық

Кадыров С.О. Шалабаев Б.А.

200 тг/сынама

5

Сүттегі сақиналы реакцияға (ССР) арналған түсті антиген

Султанов А.А. Барамова Ш.А.

1 мл/5000 тг

6

Қойлардың жұқпалы эпидидимитін балауға арналған реагенттер жиынтығы (тест-жүйесі)

Султанов А.А. Барамова Ш.А.

10 тг/мөлшер

7

Лиофилді кептірілген Левенштейн-Йенсен қоректік ортасы

Тургенбаев К.А. Шаймбетова А.К.

40 тг/пробирка

8

Мал трипаносомозын серологиялық балауға арналған жиынтық

Шалабаев Б.А.

200 тг/1 сынама

9

Интоксан

Горелов Ю.М.

40 тг/мөлшер

10

Витамакс

Горелов Ю.М.

50 тг/мөлшер

11

Биелердің сальмонеллездік іштастауына қарсы вакцина

Егорова Н.Н.

500 тг/мөлшер

12

Жануарлардың трихофитиясына қарсы вакцина

Умитжанов М.

2000 тг/мөлшер

13

Жылқының індеттік лимфангитіне қарсы вакцина

Шалабаев Б.А.

1000 тг/мөлшер

14

Дезинфекциялық зат - Глукат

Искаков М.Ш.

2000 тг/литр

15

Етқоректілердің  эхинококкозын емдеу  және  алдын алу үшін  препарат

Абдыбекова А.М.

50 тг/таблетка 

16 Маралдар, бұғылар және басқа жабайы  тұяқтыларға  арналған  антгельминтик Абдыбекова А.М. 90 тг/таблетка