Войти Регистрация

Login to your account

Username *
Password *
Remember Me

Create an account

Fields marked with an asterisk (*) are required.
Name *
Username *
Password *
Verify password *
Email *
Verify email *

"ҚазҒЗВИ" ЖШС – зертханаларының біліктілігін тексеру провайдері

 

"Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты" ЖШС  

зертханааралық салыстырмалы сынақтарды,  атап айтқанда  зертхана біліктілігінің ҚР СТ ISO/IEC 17043-2012 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексерудің негізгі талаптары» сәйкестігін тексеру сызбасын ұйымдастырады және таратады.

 

 

 


Біздің қызметтер:

·       зертханааралық салыстырмалы сынақтар арқылы зертхана біліктілігін ұйымдастыру және тексеру;

·       қатысушылардың жұмысын бағалау кезінде кеңес беру.

 

     Егер Сіз біліктілікті тексеру сызбасына қатысуды қаласаңыз, қатысуға өтінім толтырып, оны kaznivialmaty@mail.ru поштасы арқылы Провайдер мекен-жайына, +7 (727) 2337271 факсына жіберуіңіз қажет. Провайдердің біліктілікті тексеру сызбасын осы жерден көруге болады 2016 жылы     осы жерден көруге болады 2017 жылы.

Қатысуға өтінім беру біліктілікті тексеру бойынша жұмыс орындауға келісім-шарт жасау үшін негіз болып табылады. Өтінім осында

 

Неліктен Қазақ ҒЗВИ-ын таңдау керек?

 

Аккредиттеудің ең ауқымды салаларының бірі

Ең білікті мамандар 

(19 ғылым докторы, 43 ғылым кандидаты, 17 магистр, 18 магистрант және 2 PhD-докторант)

Сәйкестікті дәлелдеу саласындағы мол тәжірибе

Қолайлы баға және ең қысқа мерзім

Әрбір тапсырыс берушіге және қатысушыға жеке көзқарас

 

Біліктілікті тексеру (proficiency testing) – ЗАСС (ҚР СТ ISO/IEC 17043-2012) арқылы алдын-ала белгіленген өлшемдер (критерий) бойынша, қатысушының қызметтік мінездемесін бағалау.

Біліктілікті тексеру төмендегі міндеттерге арналған зертханааралық салыстырмалы сынақтарды қолдануды қамтиды:

a) белгілі бір зерттеу немесе өлшем жүргізу үшін зертхана қызметінің сипаттамасын бағалау және оларға тұрақты мониторинг жасау;

b) өлшем немесе зерттеу рәсімдерін дұрыс пайдаланбау, қызметкерлерді оқыту және басқарудың тиімсіздігі немесе жабдықтарды дұрыс калибрлемеу және олардың кемшіліктерін жою сияқты зертханаларға байланысты мәселелерді анықтау;

c) өлшем немесе зерттеу әдістерінің тиімділігін және салыстырмалылығын белгілеу;

d) тапсырыс беруші зертхананың қосымша сенімін қамтамасыз ету;

e) зертханалар арасындағы айырмашылықтарды анықтау;

f) ЗАСС қорытындысы негізінде, қатысушы зертханаларды оқыту;

g) мәлімделген белгісіздікті растау.