Войти Регистрация

Login to your account

Username *
Password *
Remember Me

Create an account

Fields marked with an asterisk (*) are required.
Name *
Username *
Password *
Verify password *
Email *
Verify email *

 

ИНСТИТУТТЫҢ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТІ

 

Институттың құрылымдық бөлімшелерінде 110 ғылыми қызметкерлер, оның ішінде 22 ғылым докторы, 41 ғылым кандидаты, 2PhD докторлары, 34 магистр жұмыс істейді.   

  


Бактериология зертханасының ұжымы

 


Вирусология зертханасының ұжымы

 


Бруцеллез зертханасының ұжымы    

 


Паразитология зертханасының ұжымы

 


Микроағзалар генетикасы, биохимия  және иммунология зертханасының ұжымы

 

Институт ғалымдары іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізеді және ветеринариялық салауаттылықты қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасының шаруашылық субъектілеріне ғылыми-консультациялық және тәжірибелік көмек көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының 110 жылдығына арнау

 

Бүгін той Елімізде ұлан-асыр,

Шашуды ақ тілекпен шашып жатыр.

Ғасырдан да асатын тарихы бар,

КазНИВИ – 110 жасқа келіп жатыр.

                            *  *  *

Орынбор зертханасынан бастау алған,

Малдәрігерлік білімге негіз салған,

Ғылымның қара шаңырақ, Ақ Ордасы,

Тектілі тұлғалардан бізге қалған.

                            *  *  *

Жаңа ой, жаңа міндет, биік талғам,

Қойылған үлкен мақсат, асқақ арман.

Ғалымдар ашып жатқан жаңалықтар,

Ауылға, өндіріске бағыт алған.

                            *  *  *

Вакцина, антиген мен аллергендер,

Институт шығаратын дәрумендер.

Сапасы өте жақсы болғандықтан,

Малдардың ауруының бәрін емдер.

                            *  *  *

Ғылым жолын мен де осында бастағам,

Талай кітап парақтарын ақтарғам.

Сенен алған біліміме қуанып,

Сенен оқып өскеніме мақтанам.

                            *  *  *

Институтым тұлғаң сенің тым биік,

Жарасады жаза берсең жырды үйіп.

Мерей жасқа жеткеніңмен құттықтап,

Төбем көкке тұрғандай-ау бір тиіп.

                            *  *  *

Өсе бер, өркендей бер КазНИВИ-ім,

Желбіреп мәңгі тұрсын тіккен туың.

Ғасырдан ғасыр асып жаса дейді

Көпшілік, жиналған жұрт, мына дүйім.

 

 

 

Профессор Батырбек Айтжанов

Алматы қаласы, 20.05.2015 жыл