Войти Регистрация

Login to your account

Username *
Password *
Remember Me

Create an account

Fields marked with an asterisk (*) are required.
Name *
Username *
Password *
Verify password *
Email *
Verify email *

ИНСТИТУТТЫҢ НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Қазақ ҒЗВИ микроағзалардың 344 штаммдары түрлерімен, оның ішінде бактериялардың 286, вирустардың 26 штаммымен, бактерия фагтардың 9 штаммымен, патогенді саңырауқұлақтардың 13, қарапайым қан паразиттерінің  3 штаммдарымен, 7 жасуша өсіндісінің қайта себілетін желілерімен жұмыс тәжірибесі бар ғалымдар жұмыс істейтін республикадағы жалғыз институт.

Институт өткен 20 жыл ішінде 600 қорғау құжаттарын алды, өндіріске 100 астам диагностикумдар, сарысулар мен вакциналар, бактерияға, паразиттерге қарсы терапевтік препараттар мен зарарсыздандырғыш заттарды ұсынды. 63 том ғылыми еңбек, 50 монография, 400 астам ұсыныстар, әдістемелік нұсқаулар мен стандарттар жариялады. Қазақ ҒЗВИ диссертациялық кеңесінде 70 докторлық және 380 кандидаттық диссертация қорғалды. Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттарының тізімінде институттың 10-нан астам биопрепараты тіркелді. Қазақстанның аграрлық ғылымының тарихында алғаш рет институт өнертабысты пайдалануға 5 лицензия сатты, оларды сатудан түскен пайда жалпы 200 млн астам теңгені құрады.

Описание: http://kaz-nivi.kz/images/content/foto/ond/ond01.jpg

 

Институт өз ғылыми жаңалықтарын коммерцияландыру аспектісінде Дүниежүзілік банктің, ҚР БҒМ гранттарын орындайды, әр түрлі мемлекеттік сатып алулар мен тендерлерге қатысады. ҚР АШМ 052 «Жануарлардың ауруларын балау» қосалқы бағдарламасы бойынша институт РВЗ үшін Левенштейн-Йенсен қоректі ортасын, жылқылардың эпизоотикалық лимфангоитін және трипаносомоздарды, қошқардың жұқпалы эпидидимит ауруын, жануарлардың бруцеллезін және т.б. диагностикалауға арналған жиынтықтарды әзірлеп береді. Сондай-ақ, институттың препараттары таяу шетел елдерінде де сұранысқа ие. Мәселен, 2012 жылы Әзірбайжан Республикасына бруцеллезді ПАР-да балауға арналған розбенгал-антигені мен сүтқоректілерге арналған ППД-туберкулині сатылды.

 

ҚР ветеринариялық препараттар реестріне тіркелген

«ҚазҒЗВИ» ЖШС-ның биопрепараттары  

 

1.  Жануарлардың трипаносомозын серологиялық балауға арналған жиынтық. № РК-ВП-2-2562-14.

2.  Жануарлардың токоплазмозын КБР және КДБР-да серологиялық балауға арналған жиынтық. № РК-ВП-2-2790-14.

3. Маралдар, бұғылар және басқа  жабайы тұяқты жануарларға  арналған антгельминтик. № РК-ВП-4-3239-16.

4. Етқоректілердің эхинококкозын  емдеуге және  алдын  алуға  арналған препарат. № РК-ВП-4-3429-17.

5. Жылқылардың эпизоотиялық лимфангоитін серологиялық балауға арналған жиынтық.  № РК-ВП-2-3314-17.

 6. Ірі  қара  малдың  трихофитиясына  қарсы  инактивтендірілген  вакцина. № РК-ВП-1-3404-17.

7. Salmonella  abortus – equi  E-841 штаммынан биелердің  сальмонеллезді іш  тастауына  қарсы құрғақ тірі  вакцина. № РК-ВП-1-3428-17.

8. Интоксан - жануарларға  арналған инфекция мен улануға  қарсы дәрмек. № РК-ВП-4-3403-17.

9. Витамаст – маститтке  қарсы  дәрмек. № РК-ВП-4-3405-17.

 

«ҚазҒЗВИ» ЖШС-ның препараттары

 

- Пастереллезді анықтауға арналған эритроцитарлық антигендік диагностикум;

- Сақауды анықтауға арналған эритроцитарлық антигендік диагностикум;

- Сақауды анықтауға арналған эритроцитарлық антиденелік диагностикум;

- Сақауды қоздырушы стрептококктарды өсіру үшін селективті қоректі орта;

- Сақаудың қоздырушысы стрептококктарды бөліп алу үшін селективті қоректік орта;

- Туберкулезді жеделдетіп бактериологиялық балауға ықпал ететін селективтік қоректік орталар;

- Жылқының эпизоотиялық лимфангоитін серологиялық балауға арналған жиынтық;

- КҰБР түйелерді трихофитияға серологиялық балауға арналған жиынтық;

- Жануарларды токсоплазмозға серологиялық балауға арналған жиынтық;

- Жануарларды трипаносомозға серологиялық балауға арналған жиынтық;

- Қойдың фасциолезін серологиялық балауға арналған жиынтық;

- А, О және Азия-1 типті аусыл вирусына қарсы антигендер мен сарысулар;

- Жылқылардың ринопневмониясын балауға арналған антиген;

ПТР  әдісімен мал  бруцеллезін  балауға  арналған  тест – жүйе;

ТГАР-да  бруцеллезді балауға арналған эритроцитарлық антигендік және антиденелік диагностикумдар;

- Жеделдетілген пробиркалық агглютинация реакциясында (АР), пластинкалы агглютинация реакциясында (ПАР) және сүтпен шығыршық реакциясында (ШР) ауыл шаруашылық малдарының бруцеллезін балауға арналған бірыңғай түсті антиген;

- АР және КҰБР бруцеллез және эпидидимит жұқтырған жануарларды анықтау үшін S және R түсті антиген; 

- Дала жағдайында ПАР тазартылмаған қанды, сүтті, қан сарысулары мен сүт сарысуларын зерттеу үшін түсті бруцеллез антиген;

ИФТ әдісімен  жылқы  және  түйе  трипаносомозын балау үшін  тест – жүйеге  арналған  жиынтық;

БЦЖ микобактерияларының   вакцинды  штаммынан аллерген;

Ет  өнімдерінің мүмкін  болатын  фальсификациясын  бақылауға  арналған  тест – жүйе;

Өсімдік  және  малтекті өнімдерде пестицидтерді  анықтауға  арналған  биотест;

Ешкі  сүтін бруцеллезге  зерттеуге  арналған  балаулық  жиынтық;

Түйе сүтін бруцеллезге  зерттеуге  арналған  балаулық  жиынтық;

Ауылшаруашылық малдарының пастереллезіне қарсы «Поливак РМ» поливаленттік вакцинасы;

- Жылқылардың сақау және пастереллез ауруына қарсы ассоциативті вакцина;

- Жылқылардың сақауына қарсы вакцина;

- Ауыл шаруашылығы малдарының дерматомикоздарына қарсы бесвалентті тірі кешенді вакцина;

- Ауыл шаруашылығы малдарының дерматомикоздарына қарсы бесвалентті инактивті кешенді вакцина;

Етқоректі жануарлардың микроспория және трихофитиясына қарсы инактивті бивалентті вакцина;

- Түйелердің трихофитиясына қарсы инактивті вакцина;

- Түйелердің трихофитиясына қарсы тірі вакцина;

- Жануарлардың некробактериозы мен бақай шірімесіне қарсы ассоциативті вакцина:

«Ла-Сота» штаммынан  Ньюкасл ауруына қарсы вакцина;

- Құстардың жұқпалы ларинготрахеитіне қарсы эмбрион-вакцина;

- Құстардың күл аурына қарсы вакцина;

- Жылқылардың ринопневмониясына қарсы өсінділік құрғақ вакцина;

- Құстардың пастереллезіне қарсы вакцина;

- Құстардың жұқпалы бурсалдық ауруына қарсы вакцина;

- Құстардың Марек ауруына қарсы вакцина;

- Ет қоректі жануарлардың оба ауруына қарсы өсінділік вакцина;

- Иттердің парвовирусты энтеритіне қарсы инактивтендірілген вакцина;

Құстардың Ньюкасл  және жұқпалы бурсалдық ауруына қарсы ассоциативті тірі вакцина;

Құс тұмауы мен Ньюкасл ауруына қарсы ассоциативті, инактивтелген вакцина;

- Ауыл шаруашылығы малының құтыруына қарсы вакцина;

- Ауыл шаруашылығы малының бруцеллезіне қарсы өлтірілген вакцина;

- Жануарлардың бруцеллезіне қарсы инактивтелген вакцина;

- Ауыл шаруашылығы малының бруцеллезін балау және алдын алу үшін аллерген-вакцина;

- Ірі қара малының бруцеллезіне қарсы B. abortus  960/Wштаммынан инактивтелген вакцина;

- S. abortus-equi Е –841 штаммынан биенің сальмонеллезді іш тастауына қарсы тірі құрғақ вакцина;

- Rotavirus bovinae «РК» - ПК №007 штаммынан ірі қара малының ротавирустық инфекциясына қарсы инактивті сұйық вакцина;

- Жылқылардың эпизоотиялық лимфангоитіне қарсы инактивтелген вакцина;

Жабайы  етқоректілерге  арналған құтырыққа  қарсы  жемтік  вакцина;

Мұражайлық  штамм  негізінде  бұзау сальмонеллезіне  қарсы құрғақ тірі  вакцина;

Биелердің сальмонеллезді  іш  тастауына  қарсы  вакцина;

- Жаңа туған қозыларға арналған емдік-профилактикалық бастапқы азық және қойларға арналған минералдық-дәрумендік кешен;

- Жылқының қан сарысуынан алынған тән емес иммуноглобулин;

Ірі қара  малдардың  ағзасының  жалпы тұрақтылығын  көтеруге  және репродуктивті функциясын  ынталандыруға  арналған  өсімдікті және  ткандік препарат;

Жануарлардың дерматофитпен зақымданған терісін бастапқы өңдеуге  арналған  ерітінді ;

Ауылшаруашылығы және етқоректі жануарларды дерматомикоздардан емдеуге  арналған  жақпа май;

Ірі қара  малдардың  ағзасының  жалпы тұрақтылығын  көтеруге  және репродуктивті  функциясын  ынталандыруға  арналған  қағанақ  сығындысынан  жасалған  ткандік препарат ;

- Жануарлар желінсауының алдын алу және емдеу құралдары;

- Ауыл шаруашылығы малының бруцеллезіне қарсы антибактериалды препарат;

- Қойлардың гельминтозын алдын алу және емдеу үшін азықтық-емдік қоспа;

Тұяқты жануарлар гельминтозын  алдын алу және емдеуге  арналған және  минералдық қосымша ретінде пайдаланылатын «Фенасол» препараты;

Маралдар, бұғылар және басқа жабайы  тұяқтыларға  арналған  антгельминтик;

Етқоректілердің  эхинококкозын емдеу  және  алдын алу үшін  препарат;

- Бактериалды және дерматомикозды инфекциялардың қоздырғышына қарсы зарарсыздандырғыш заттар;

-  «Ришел-Плюс» зарарсыздандырғыш препараты;

- «Глукат» зарарсыздандырғыш препараты;

- Ауыл шаруашылығы малының туберкулезінің қоздырғыштарын молекулярлық диагностикалаудың экспресс-әдістері;

- Ет өнімінің шикізат құрамын түрлік сәйкестендіру тәсілі;

- Жануарларға арналған өнімдер мен азықтарда генетикалық модификацияланған ағзаларды ажырату әдісі;

- Аусылға қарсы сарысу және реконвалесценттік цитрленген қанын дайындау әдісі;

- Ірі қара мал және жылқылардан би - және моновалентті гипериммунды аусылға қарсы сарысу алу әдісі;

Сауылатын сиырлардың сүтінің сарысуын  пайдалана отырып лейкозды балау әдісі және ірі қара малдың лейкозын балаудың жеделдетілген әдісі;

- Агарлық гельде РП арқылы құтыру ауруын балау әдісі. 

 

Описание: http://kaz-nivi.kz/images/content/foto/ond/ond02.jpg

Қошқарлардың жұқпалы эпидидимитін КҰБР-да 
балауға арналған реагенттер жинағы (тест-жүйе)

  

Описание: http://kaz-nivi.kz/images/content/foto/ond/ond03.jpg

Ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезін балауға
қолданылатын  АР, КБР және КҰБР үшін бірыңғай антигені

 

Описание: http://kaz-nivi.kz/images/content/foto/ond/ond04.jpg

Жануарлардың бруцеллезін балауға қолданылатын
ПАР-на арналған роз бенгал-антигені

 

Описание: http://kaz-nivi.kz/images/content/foto/ond/ond05.jpg

 Ауыл шаруашылық жануарларының бруцеллезін АР,
ПАР және ШР-да балауға арналған бірыңғай түсті антиген

 

Описание: http://kaz-nivi.kz/images/content/foto/ond/ond06.jpg

Ірі қара малының лейкозын балауға
арналған серологиялық жиынтық

 

Описание: http://kaz-nivi.kz/images/content/foto/ond/ond07.jpg

«А», «О», «Азия-1» типті аусыл вирусына
қарсы антигендер мен сарысу

 

Туберкулез миробактерияларын өсіруге арналған
Левенштейн-Йенсеннің  қоректік ортасы

 

Описание: http://kaz-nivi.kz/images/content/foto/ond/ond09.jpg

Малдарды токсоплазмозға КБР (КҰБР)
серологиялық балауға арналған жиынтық

 

Описание: http://kaz-nivi.kz/images/content/foto/ond/ond10.jpg

Малдарды трипаносомозға КБР
серологиялық балауға арналған жиынтық

 

Описание: http://kaz-nivi.kz/images/content/foto/ond/ond11.jpg

Жылқының эпизоотиялық лимфангоитін КҰБР-да 
серологиялық балауға арналған жиынтық

 

Описание: http://kaz-nivi.kz/images/content/foto/ond/ond12.jpg

Жылқылардың ринопневмониясына
қарсы өсінділік құрғақ вакцина

 

Описание: http://kaz-nivi.kz/images/content/foto/ond/ond13.jpg

Түйелердің трихофитиясына қарсы
инактивтелген вакцин

 

Жыл сайын ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің тапсырмасы бойынша институттың ғалымдары эпидемиология деректері мен аурудың пайда болу және таралу тәуекел факторларын ескере отырып, карантиндік және аса қауіпті аурулар кезінде эпизоотияға қарсы іс-шараларды әзірлеуге қатысады, ветеринария саласындағы түрлі нормативтік-құқықтық актілерді ғылыми негіздейді, отандық және шетелдік өндірістің нормативтік-техникалық құжаттамасына сараптама жасайды, елімізде тіркелетін ветеринариялық препараттарды техникалық ерекшелікке сәйкестігін сынауды жүзеге асырады.

«ҚазҒЗВИ» ЖШС жұмысының маңызды бөлігі жас ғалымдарды дайындау, ветеринарияның көкейтесті мәселелері бойынша семинарлар, мәжілістер мен халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткізу, аграрлық ЖОО студенттері үшін дәрістер оқу және ветеринария мамандарының біліктілігін көтеру курстарында практикалық сабақтар өткізу, эпизоотологиялық зерттеу жүргізу және ветеринариялық мәселелерді шешуде практикалық көмек көрсету, сондай-ақ диагностикалық зерттеу жүргізу мақсатында мал шаруашылығына бару болып табылады.

 

Описание: http://kaz-nivi.kz/images/content/foto/ond/ond14.jpg

Қазақ ҒЗВИ жас ғалымдардың ғылыми-әдістемелік семинары

 


2014 жылдың 28 мамырында Қазақ ҒЗВИ-да өткен

«Ветеринариялық медицина, биотехнология және тағам қауіпсіздігі:

жас ғалымдардың және Қазақстан мамандарының жетістігі» 

атты жас ғалымдардың Республикалық конференциясына қатысушылар