Войти Регистрация

Login to your account

Username *
Password *
Remember Me

Create an account

Fields marked with an asterisk (*) are required.
Name *
Username *
Password *
Verify password *
Email *
Verify email *

ҚазҒЗВИ қысқаша тарихы

 

Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының құрылу тарихы Орынбор қаласымен байланысты. Әбілхайыр ханның бастамасы бойынша 1735 жылы құрылған Орынбор  қаласы ондаған жылдар бойы Қазақстанның ірі сауда, мәдени және саяси орталықтарының бірі болды.

 Орынбор Қазақ кеңестік  мемлекетінің құрылған күнінен бастап, 5 жыл бойы Қазақ Автономды Кеңестік социалистік республиканың тұңғыш  ресми астанасы болды, осында  ұлттық автономияны пәрменді басқаруды жүзеге асыра отырып, біздің сол кездегі үкіметтік мекемелер жұмыс істеді.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың  басында Орынбор губерниясының және оның аумағындағы қазақ даласының эпизоотологиялық індет жағдайы өте күрделі болды. Ветеринария қызметкерлерінің тапшы болуы, жергілікті Ветеринарлық білімнің төмен деңгейі, жылқы маңқасы,  ірі қара малының обасы, сібір жарасы,  аусыл,  құтыру,  өкпенің қабынуы сияқты аса жұқпалы аурулардың жаппай таралуын арттырды. Осының бәрі өңірде мал шаруашылығының өркендеуіне елеулі кедергі жасады.

1894 жылға дейін Орынборда штатты ветеринария мамандары болмады. 1894 жылы алғаш ветеринар (мал дәрігері) болып Е.Ф. Барановский тағайындалды, ал 1895 жылдың 5 қазанынан бастап оны М.А. Цареградский ауыстырды. Ол ветеринария жұмысын ұйымдастыру бойынша талантты маман екенін танытты.

М.А. Цареградский бастамасы бойынша 1895 жылдың желтоқсаны аяғында Орынбор қалалық билігі Орынбор губерниясының ветеринария бөлімінің меңгерушісі Заккистің  көмегімен, қалада микроскопиялық станция ашты, бұл станция ет және ет өнімдеріне, сондай-ақ мал шикізат өнімдеріне ветеринарлық санитариялық жүргізе бастады. Мал дәрігері М.А. Цареградскийге өз міндеттерімен қоса, микроскопиялық станцияны басқару қызметі де жүктелді.

Ресей ІІМ Ветеринарлық басқармасы станция меңгерушісі М.А. Цареградскийдің ұйымдастырушылық қабілетін ескере отырып, оны 1904 жылдың сәуірінен Терск облыстық ветеринария инспектрінің көмекшісі қызметіне ауыстырды. М.А.Цареградскийді ауыстырғаннан кейін, оның орнына  микроскопиялық  станция меңгерушісі болып  қалалық мал дәрігері  Петр Алексеевич  Бродов тағайындалды.

ХХ ғасырдың басында өлкеде эпизоотологиялық індеттің кең таралуы мен малдың жаппай өліміне қарсы күрес бойынша Орынбор губерния комитеті үлкен күш-жігер жұмсады. Аталған комитет 1902 жылғы 12 маусымдағы «Жануарлардың жұқпалы және жаппай ауруларының алдын алумен және  өнімдерін залалсыздандыру бойынша Ветеринарлық-полициялық шаралар туралы ережелер» заңын басшылыққа ала отырып, жаңадан тағайындалған Губерниялық мал дәрігері Зенкевич Александр Игнатьевичтің ұсынысы бойынша, Комитет ветеринар қызметкерлерінің санын арттыруға және ветеринар мамандарының әлеуметтік жағдайын жақсарту, өлкедегі азаматтық, сондай-ақ әскери сипатты барлық Ветеринарлық шараларды бірыңғай үйлестіруді жүргізуге шешім қабылдады.

Малдың жаппай ауруларымен күресу өлкеде ветеринарлық зерттеу жұмыстарын жүргізуді орталықтандыруды және жануарлардың ең көп таралған жұқпалы ауруларына қарсы биологиялық препараттар өндірісін іске қосуды талап етті. Бұл жағдайда губернияда ветеринарлық бактериологиялық зертхана мекемесін ашу туралы мәселе қойылды. Нәтижесінде 1905 жылы Орынбор қаласында  жыл сайынғы бюджеті 600 рубльді  құрайтын,  губерниялық ветеринарлық – бактериологиялық зертхана ашылды. 1905-1907 жылдар барысындағы барлық қаржыландыру ветеринарлық-бактерологиялық зертхана үшін құрал-жабдықтар сатып алуға және оның меңгерушісінің Самара, Харьков пен Санкт-Петербург зертханаларында білімін шыңдау шығынына бағытталды.

Губерниялық ветеринарлық-бактерологиялық зертхананың жеке ғимараты болмады және бастапқы уақытта ол микроскопиялық станция бөлмелерінің бірінде орналастырылды. Ал микроскопиялық станцияның өзі Орынбор қаласының жылқы-жемшөп алаңында орналасты. Станция бес бөлмеден тұратын ғимаратта орналасқан, олар: кеңсе, бактериологиялық жұмыстар үшін оқшауланған бөлмеден тұратын зертхана, меңгеруші кабинеті, гигиена кабинеті және күзет бөлмесінен құралды. Станция жұмысын және 1905 жылдан ветеринарлық-бактериологиялық зертхана жұмысын қалалық мал дәрігері П.А. Бродов басқарды. Одан басқа, зертхана штатында қалалық мал дәрігері Н.А. Иванов, бір «микроскопшы» және үш ветеринарлық фельдшер жұмыс істеді.

1908 жылдың наурыз айында Орынбор қаласында өткен Орынбор губерниясы мен Торғай облысының мал дәрігерлерінің жиналысында губерниялық ветеринарлық-бактериологиялық зертханаға тез арада сібір жарасына вакцина, өкпенің қабынуына емдер, шешек детриті, зиянды кеміргіштерді жою вирустарын, сонымен қатар ауыл шаруашылығы малдарының паразиттік инфекциялық   ауруларын  және  олардың  этиологиясын  зерттеу міндеттері қойылды.

1909 жылы Саратов қаласының облыстық ветеринарлық съезінде ветеринар мамандары және бірнеше губерния мен Ресейдің еуро-азиялық бөлігі облыстарының өкілдері сол кездегі Харьков, Киев және Санкт-Петербургте жұмыс істейтін бактериологиялық институттар үлгісіндегі ірі ветеринарлық-бактериологиялық зертхана базасында «Ресейдің оңтүстік-шығысында эксперименттік ветеринария институтын» құру туралы шешім қабылдады.

Бұл съезде қазақ даласына деген қызығушылықты Орынбор губерниясының пунктік мал дәрігері Бронислав Иосифович Дмоховский және Орал облыстық мал дәрігерлік инспекторы Пётр Васильевич Архангельский  ұстанды.

Съезд  «Ресейдің оңтүстік-шығысында эксперименттік ветеринария институтының» мекемесі үшін Саратов қаласы қолайлы деген шешімге келді, себебі онда  көптеген   ғылыми   мекемелер  мен  университеттер  орналасқан. Алайда, институт Саратов қаласында  ашылмады.

1913 жылдан бастап Орынбор Губерниялық Жер басқармасы өзінің Ветеринарлық-бактериологиялық зертханасының зерттеу базасын кеңейту жөнінде міндет қойды және осы мақсат үшін Ядгарова ханымға тиесілі Эссен көшесі, №14 мекен-жайындағы екі қабатты жеке-жайын жалға алды. Бұдан басқа, зертхана меңгерушісі, сол уақыттағы мал дәрігері Клиентов Орынбор Губерниялық жер басқармасының ветеринариялық-бактериологиялық зертхана үшін арнайы жеке ғимарат салу қажеттілігі туралы мәселені көтерді.

Өзінің  құрылғанынан бастап 10 жыл ішінде Орынбор Губерниялық  жер басқармасы тарапынан зертханаға ақша бөлу 18 есеге артып, 1914 жылы сол кездегі бағамен 11300 рубль құрағанын ескерген жөн.

1915 жылы Орынбор Губерниялық Жер басқармасының Ветеринариялық-бактериологиялық зертханасы жүргізген зерттеу және өндірістік жұмыстарының маңыздылығы артты және оның меңгерушісі дәрігерлік-санитариялық және эпидемиологиялық сипаттағы мәселелерді жалпыгуберниялық ауқымда шешу үшін Губерниялық Санитариялық кеңес құрамына кірді.

1917 жылғы революциядан кейінгі Ресейдегі экономикалық  дағдарыс бүкіл Қазақ өлкесі шаруашылығының жаппай құлдырауына әкеп соқтырды.

1920 жылы Кеңес Үкіметі құрылғаннан кейін де Қазақстан   Республикасының  экономикалық жағдайы төмен болып қала берді. Бұл жағдай Орынбор қаласындағы (сол кездегі қайта құрылған автономиялық республиканың ресми астанасы) Ветеринариялық –бактериологиялық зертхана жұмысына әсер етпей қоймады.

Орынбор қаласының астаналық мәртебесі ҚазКСР Егіншілік халық комиссариатының Ветеринариялық Басқармасына 20 жылдардың басында Ветеринариялық-бактериологиялық зертхана атауын Орталық Ветеринариялық-бактериологиялық зертханасы деп қайта атауына септігін тигізді. Бұл республикадағы барлық Ветеринарлық-бактериологиялық мекемелерді нығайтуға және Ветеринарлық тәжірибе мәселелерін жылдам шешуге мүмкіндік берді.    

ҚазКСР Егіншілік халық комиссариатының Орталық Ветеринарлық-Бактериологиялық  Зертханасын  1922  жылға  дейін  мал  дәрігері Черногоров А.А. басқарды. А.А. Черногоровтың зертхана меңгерушісі болып тағайындалған нақты мерзімі белгісіз, оның қызметтік бағасы қарама-қайшылық сипатта: РКФСР Егіншілік халық комиссариатының Ветеринарлық басқармасының бастығы А.В. Недачин  революция  большевиктерінің 10 жылдығына арналған, ветеринария тарихы жөніндегі өз очеркінде мал дәрігері А.А. Черногоровтың  тәжірибелі мамандар қатарында болған және ол 1917 жылдың сәуірінде Ресей ІІМ Ветеринарлық бақармасының алқалық құрамына кірген деп жазды. Сонымен бірге,  1922 жылдың 23 ақпанында ҚазКСР  Халық Комиссариаттының Жұмыс-Шаруа   Испекциясының инспекторы  ҚАКСР Егіншілік халық комиссариатының Орталық Ветеринарлық-Бактериологиялық Зертханасының тексеру материалына бұрынғы меңгеруші А.А. Черногоровты зертхана жұмысын құлдыратқаны үшін жауапкершілікке тарту туралы қорытынды ұсыныс бергенін де  атап өтпеу мүмкін емес. Сондай-ақ, бұл қорытындыда мемлекет тарапынан зертхананы ақшалай қаражатпен қаржыландыру жұмысы «өте баяу» жүргізілгені және бұл ветеринария мекемесінің қанағаттанарлықсыз жұмысына септігін тигізгені туралы анық айтылған.

1923 жылы Орталық ветеринарлық-бактериологиялық  зертхана Өңірлік ветеринарлық-бактериологиялық  зертханасы  болып  өзгертілді. Сол  жылдары зертхана Қазақстан ветеринариясының қажеттілігі үшін екпе материалдарының жүз мыңдаған дозаларын шығаруды жалғастырды: Жануарлардың сібір жарасына қарсы Ценковскийдің І және ІІ вакциналары, шошқа тілмесі қоздырушысының  вакциндік  өсінділері  және ірі қара малдың перипневмониясына, сондай-ақ кеміргіштерді жоюға арналған  бактерия өсінділері (жануар-зиянкестерінің жаппай өлуін тудыратын,  инфекцияның қоздырушысының  вирулентті штаммы ветеринарлық ғылымда әлі белгісіз). Бұдан басқа,  зертхана шошқа тілмесіне, жануарлардың сібір жарасына және құс тырысқағына (пастереллёз) қарсы қан сарысуларын жасап шығарды. Өңірлік Ветеринарлық-бактериологиялық зертхана жұмысында ауылшаруашылық малдарының аса қауіпті жұқпалы ауруларының диагностикасына ерекше назар аударылды, сонымен қатар жыл сайын мыңдаған әртүрлі бактериологиялық зерттеулер жүзеге асырылды.

1923 жылдың басында Өңірлік Ветеринарлық-Бактериологиялық зертхана меңгерушісі қызметіне мал дәрігері Евгений Михайлович Рафалович тағайындалды.

ҚАКСР (Қазақ Автономдық Кеңестік Социалистік республикасы) Егіншілік халық комиссариатының Ветеринарлық басқармасының бастамасы бойынша Өңірлік Ветеринарлық-Бактериологиялық Зертхананы Қазақ  Өңірлік Ветеринарлық-Бактериологиялық Институты деп қайта құру туралы мәселе бірнеше рет ұсынылды. 1924 жылдың аяғы мен 1925 жылдың басында Қазақ  Өңірлік Ветеринарлық-Бактериологиялық Институты туралы ереже жобасы дайындалды және Қазақ Егіншілік халық комиссариаты мен Әділет халық комиссариатының алқалық мәжілісінде қаралды, негізінен оны аталған комиссариаттар мақұлдады және  ҚАКСР Халықтық Комиссарлар Кеңесіне қарауға жіберді. 

Дайындалған материалдардан және ҚАКСР Егіншілік халық комиссариатының алдында тұрған мемлекеттік міндеттерден басқа Қазақ Орталық Атқарушы Комитеті 1925 жылдың 7 сәуірінде өзінің қаулысымен Өңірлік Ветеринарлық-Бактериологиялық Зертхананы Қазақ Өңірлік Ветеринарлық-Бактериологиялық Институты етіп қайта құрды (39 хаттама), аталған комиссариатқа қайта құрылған институт туралы ережені  республика үкіметіне бекітуге дайындау міндеті жүктелді. Ереже жобасы мәтіні мен институт штатын Халық комиссарларымен келісуде көптеген кедергілерге қарамай, ереже аздаған түзетулермен ҚАКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің № 23 (4926) қаулысымен 1925 жылдың 16 мамырында бекітілді. Зертхананы институт етіп қайта құруда Қазақ Егіншілік халық комиссариатының Ветеринариялық басқармасының бастығы Ф.М.Кузьмин-Терентьев пен зертхана меңгерушісі  Е.М. Рафалович көп күш жұмсады.

1924-1925 жылдары Орта Азия мен Ресейдің ұлттық мемлекеттік бөлінуі нәтижесінде қазақ жерлері бірыңғай қазақстандық кеңес мемлекетіне бірікті. 1925 жылдың екінші жарты жылдығында ҚАКСР астанасы Орынбордан Қызылордаға толық ауыстырылды.

Астананың ауысуына байланысты, басқа да мемлекеттік мекемелермен бірге, Қазақ Өңірлік Ветеринарлық-Бактериологиялық Институтын да Орынбордан Қызылордаға ауыстыру мәселесі тұрды. Ол үшін Қызылордада институттың жаңа құрылысы жүргізіле бастады.

1925 жылдың 10 желтоқсанында Өңірлік Ветеринарлық-Бактериологиялық Институттың салтанатты ашылуы әлі аяқталып бітпеген жаңа ғимаратта өткізілді, ал ғимарат құрылысы 1926 жылдың күз айында аяқталды. Салтанатты мәжілісті ҚАКСР (Қазақ Автономды кеңес социалистік республикасы) Егіншілік халық комиссары Алиаскар Мендиарович Алибеков ашты. Одан кейінгі сөз институт меңгерушісі Е.М. Рафаловичке берілді, ол Қазақ Өңірлік Ветеринарлық-Бактериологиялық Институттың құрылу тарихы туралы баяндама оқыды. Институттың ашылуына байланысты құттықтау сөзді ҚАКСР Халық камиссариаты кеңесінің төрағасы Нығмет Нұрмақов сөйледі, ол өз сөзінде қысқа уақытта Қазақстан үкіметі Қызылордада алғашқы екі ғылыми-зерттеу мекемесін: Медициналық және Ветеринарлық-бактериологиялық институтын ашқанын атап өтті, бұл мекемелер тек ғылым орталықтары ғана болмай, мәдениет ошағы болатыны да айтылды. Сондай-ақ, осы мәжілісте Нығмет Нұрмақов Қазақ Орталық Атқарушы Комитеті Президиумының 1925 жылғы 9 желтоқсанындағы «Институт меңгерушісі Е.М. Рафаловичті «Қазақ Егіншілік халық комиссариаты Өңірлік Ветеринарлық-Бактериологиялық Институтының директоры қызметіне бекіту туралы қаулысын оқыды. 

Қызылордада институт ашылғаннан кейін, қысқа мерзімде оның қызметі қайта қалпына келтірілді және биологиялық препараттар шығару жұмысы игерілді. Бұл препараттар толық көлемде Қазақстанның екпе материалдарында және диагностикалық құралдарында тәжірибелік ветеринарияның қажеттілігін толық көлемде қанағаттандырды.

1928 жылы республика үкіметі астананы Қызылордадан Алматыға көшіру бойынша белсенді жұмысты бастады. Көшірілетін мемлекеттік мекемелер қатарында  Өңірлік Ветеринарлық-Бактериологиялық Институт та болды. Бұл жағдайда Алматыда жаңа ғимарат салынғанға дейін институт уақытша Қызылордада жұмыс істей беретін болды.

1928 жылдың 18 тамызынан 19 тамызына қараған түнінде институт ғимаратында өрт шығып, зертхана жабдығының үлкен көлемі өртеніп кетті. Осы жағдайға байланысты институт қызметкерлерін Алматыға жедел көшіру туралы мәселе алға тартылды.

ҚАКСР Халықтық Комиссарлар кеңесінің 1928 жылғы 5 қыркүйектегі № 37 қаулысымен Өңірлік Ветеринарлық-Бактериологиялық Институтын Алматыға көшіру туралы шешім қабылданды. Алматыда институт жұмысын қайта қалпына келтіру Е.М. Рафаловичке, Николай Васильевич Баданинге және Сейфулла Баязитовке жүктелді. Бұл жағдайда Алматы Ветеринарлық-бактериологиялық кабинеті барлық жабдықтарымен және штаттық қызметкерлерімен  Өңірлік Ветеринарлық-Бактериологиялық Институтына берілді.

Өлкелік мекемелерді Алматы қаласында орналастыру бойынша үкіметтік комиссия қаулысына сәйкес, Өңірлік Ветеринарлық-Бактериологиялық Институтқа бұрынғы Лушниковтардағы  Сауда үйінің ғимаратындағы Сауда және Пушкин көшелерінің бұрышындағы бөлмелер бөлінді.

1929 жылдың екінші жартысында Е.М. Рафалович, атақты паразитолог-ғалымдар К.И. Скрябинмен, Е.Н. Павловскиймен және В.Л. Якимовпен бірге, Орта Азияның үй жануарларының тропиктік және инвазиялық ауруларын зерттеуге арналған Ташкент ғылыми съезіне  белсене қатысып, және ол «Қазақстанның ЕХК Ветбакинститутының үй жануарлары мен оны тасымалдаушылардың протозойдты және инвазиялық аурулары бойынша жұмыстарының қорытындылары» атты баяндамасын жасады.

Осы жылдары Қазақ Өңірлік Ветеринарлық-Бактериологиялық Институты директоры Е.М. Рафалович большевиктік билік тарапынан жазықсыз қудалана бастады, осы себепті ол институт директоры қызметін тастауға мәжбүр болды. Кейінірек Е.М. Рафалович Түркмен ауылшаруашылық институтына жұмысқа орналасып, БСВИ-де «Есектер мен  қашырлардың сараптамалық трипаносомозы» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

1931 жылдың бірінші жартысында Өңірлік Ветеринарлық-Бактериологиялық Институтының директоры қызметін уақытша атқарушы болып,  институт директоры Е.М. Рафаловичтің көмекшісі болған, тәжірибесі мол, мал дәрігері Глеб Петрович Бычков тағайындалды.

Г.П. Бычков 1932 жылдың наурызында институт директорының қызметін уақытша атқарушы лауазымынан босатылды.

1932 жылдың 22 наурызында  Өңірлік Ветеринарлық-Бактериологиялық Институтының директоры қызметіне Алматы Ветеринарлық институтының бітірушісі Александр Андреевич Иванов тағайындалды. А.А. Иванов ЖОО-ның студенті бола отырып, 1930-1932 жылдары Өңірлік Ветеринарлық-Бактериологиялық Институтының директорының орынбасары міндетін уақытша атқарған болатын. 

1931 жылдың 24 маусымында Егіншілік халық комиссариатының Ветеринарлық секторы Өңірлік Ветеринарлық-Бактериологиялық Институтына жұмысқа орналасу үшін, осы жылдары әкімшілік сілтемеде болған, дүниежүзілік атағы бар ветеринар ғалым Сергей Николаевич Вышелесскийді жіберді. Профессор С.Н. Вышелесский үй жануарларының жұқпалы аурулары бойынша институттың ғылыми басшысы болып тағайындалды және ол институтта 1933 жылдың 7 сәуіріне дейін жұмыс істеді. Институт директоры А.А. Иванов С.Н. Вышелесскийге берген анықтамасында оған алғысын білдірді және профессор өзінің екі жылдық жұмысы нәтижесінде «ВҒЗИ» жетістіктеріне қосқан үлесі үшін марапатталды.  

КСРО Егіншілік Халық Комиссариатының «ветеринарлық ғылыми-зерттеу мекемесі желісін қайта ұйымдастыру туралы» 1934 жылғы 26 тамыздағы № 83701 өкіміне сәйкес және ҚазАКСР Халықтық комиссарлар кеңесінің 1935 жылғы 1 ақпанындағы № 175 қаулысы негізінде институт Қазақ ғылыми-зерттеу Ветеринарлық тәжірибелік станциясы болып қайта құрылды. 

ҚазАКСР Егіншілік халық комиссариатының Ветеринарлық басқармасы бастығының  болмауына байланысты, оның қызметі институт директоры А.А. Ивановқа жүктелді, несиені басқару бойынша өкімдік құқығы берілді.

Экономикалық қиындықтарға қарамастан, 1936 жылы институт директоры А.А. Ивановтың тікелей басшылығымен Қазақ Өңірлік ветеринарлық ғылыми-зерттеу институтының еңбектерінің бірінші іргелі томы 1000 дана тиражбен басылып шығарылды.   

30 жылдардың соңындағы жаппай большевиктік қуғын-сүргін  институт қызметкерлеріне де әсер етіп өшпес қайғылы із қалдырды. Сөйтіп, кенеттен институт директоры А.А. Иванов қызметінен босатылды. Оның орнына 1936 жылдың 3 қазанында БКП (б) Қазақ өлкелік комитеті бюросының шешімімен мал дәрігері  Семён Тихонович Поветкин тағайындалды.1936 жылдың қазан айының аяғында А.А. Ивановты ХІІК тұтқындады. 1938 жылдың 28 ақпанында КСРО Жоғарғы сотының әскери алқасының үкімі бойынша А.А. Иванов ату жазасына кесілді.   

1937 жылдың соңында С.Т. Поветкин институт директоры қызметінен босатылды.  Қазақ  КСР ЕХК бойынша 1937 жылғы 5 қарашадағы № 2149 бұйрығымен Сергей Кузьмич Кожакин  Қазақ ғылыми-зерттеу Ветеринарлық тәжірибелік станциясының директоры қызметін уақытша атқарушы болып  тағайындалды, ал, 1939 жылдың 14 қаңтарынан С.К. Кожакин аталған тәжірибелік станция директоры қызметіне бекітілді.

1940 жылдың 19 қаңтарында Қазақ КСР Халықтық Комиссарлары Кеңесінің және Қазақстан КП (б) ОК Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық тәжірибелік станциясын Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық институт етіп қайта ұйымдастыру туралы № 805/б қаулысы жарияланды, осы атаумен институт осы күнге  дейін Қазақстан ветеринариясын ғылыммен қамтамасыз ету бойынша өз қызметін ойдағыдай атқарып келеді.

ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында ҚазҒЗВИ қызметінің негізгі ғылыми бағыттары мал шаруашылығының сұраныстарымен анықталды. Қалыптасқан эпизоотологиялық жағдайды ескере отырып, ғылыми зерттеу тақырыптық жоспары құрылды, соған сәйкес ғылыми бөлімшелердің құрылымы да өзгерді, көбіне жаңа тақырыбтарды кадрлармен, өндірістік бөлмелермен, жабдықтармен, материалдармен қамтамасыз етудің күрделі емес мәселелері шешіліп отырды.   

Институт қызметкерлері қоршаған ортадағы вирустардың төзімділігін  зерттеп, вирустардың антигендік құрылымдарын өзгертуге бағытталған әдістер дайындалды.

 Ірі қара малының аусыл ауруына  қарсы шоғырланған сутотықты – алюминий вакцинасы дайындалып өндіріске енгізілді, лапинизирленген аусыл вирусынаң алынған ҚазҒЗВИ бивалентті вакцинасының өндірісі басталды, аусыл вирусын және жасуша өсіндісін өсіру үшін, соя мен бұршақтың гидролиз аттарынан қоректік ортаны дайындау әдісі әзірленді.

ҚазҒЗВИ ғалымдары жануарлардың құтырығымен (1958-1974 жж), шошқа обасымен (1967 ж), торайлардың жұқпалы атрофикалық ринитімен (1970 ж), вирустық  диареямен (1965-1974 жж) және ірі қара малдың лейкозымен күресудің  ғылыми мәселелерін  шешуге үлкен үлес қосты.  

Сонымен қатар, институт ғалымдары бруцеллез және туберкулезбен күресу мәселелерін  шешу бойынша ғылыми және өндірістік жоспарлардың ірі ауқымды жұмыстарын орындады.

Бұған дейін бірыңғай жағдайларда ғана диагностикаланған ауылшаруашылық малдарының, әсіресе ірі қара мал туберкулезінің  жаппай ауру ошақтарының қалыптасуының басталуы да осы кезеңмен байланысты болды. 70 жылдардың соңында бруцеллез бен туберкулез республиканың ауылшаруашылық малдары арасында кең таралды, бұл аурулар малшаруашылығын дамытуға үлкен кедергі келтірді және әлеуметтік қауіп көзі болды. Осыған байланысты 1974 жылы институтта малдардың туберкулезін зерттеу бойынша арнайы зертхана ұйымдастырылды.  

Институтта малдың бруцеллезі мен туберкулезі мәселелерін шешуде кешенді шаралар кеңейтіліп, тереңдетілді, соның нәтижесінде ғылыми жоспардың бірқатар мәселелерін шешуде, сонымен қатар республика шаруашылықтарында сауықтыру шараларын ұйымдастыруда үлкен үлес қосылды.

1935 жылы салынған институт ғимараты жанында 1971 жылы ҚазҒЗВИ-дің жаңа іргелі үш қабатты ғимаратының құрылысы басталды, құрылыс 1977 жылдың шілде айында аяқталды. Жаңа ғимаратқа негізінен Польша өндірісінің зертханалық жабдығы жеткізілді, ол қысқа мерзімде игерілді және орындалатын ҒЗЖ сапасын айтарлықтай жақсартты.

Нәтижесінде, 90 жылдардың басында жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізілді және содан кейін эпизоотологиялық  жағдай күрт жақсарта бастады: мысалы, 1994 ж. бруцеллез бойынша қолайсыз пункттер саны 1135-тен 263-ке дейін, дерттенуі -  4,0%-дан 0,5 %-ға дейін, туберкулез бойынша сәйкесті 1038-ден 208-ге дейін және  3,9%-дан 0,4%-ға дейін төмендетілді.

Мал туберкулезі бойынша БЦЖ вакцинасымен салыстырмалы түрде өлі вакцинаның тиімділігін анықтау туберкулиннің сараптамалық серияларын  дайындау және сынақтан өткізу, өңдірістік тәжірибелерде алынған ҚазҒЗВИ туберкулезге қарсы вакциналарын тексеру жұмыстары жүргізілді.

Бруцеллезбен, туберкулезбен және басқа да аурулармен күресуде институт ғалымдарының әзірлемелері жоғары тиімді диагностикалық препараттар түрінде: пластинкалы агглютинация реакциясы, бруцелло-овиндардан алынған , бруцелл индикациясы үшін эритроцитарлы антительді диагностикум,  Рев-1 штамм вакцинасы,  ҚазҒЗВИ бруцеллезге қарсы өлі вакцинасы, сүтті сақиналы реакциялар үшін антиген және т.б. қолданылды.

90 жылдардың ортасында институт ауыл шаруашылық малдарының, әсіресе қойлардың, құрамы айтарлықтай гельминт өлкелік індеттері  гелминттерінің түрлік құрамы жете зерттеліп, олардың алдын алудың және емдеудің  тиімді құралдары мен әдістері дайындалып өндіріске ұсынылды.  Қазақстанда осы әзірлемелерге байланысты ауылшаруашылығы малдарының мониезиоз  індеті, жануарлардың хабертиоз және фасцелиозы, қойлар мен ешкілердің диктиокаулезі мен гемонхозы індеттері жойылды. Ауылшаруашылығы малдарының эхинококкозбен, ценурозбен, цистицеркозбен және басқа гельминтоздармен ауруы айтарлықтай төмендетілді, соған орай олардың мал шаруашылығына келтіретін экономикалық шығындары қысқартылды. Институт мал токсоплазмозы мен токсоплазмотасушылық диагностикасы үшін препараттар жиынтығын әзірледі.

Ауылшаруашылығы мал төлдерін сақтау және  асқазан -ішек инфекцияларының вирусты және бактериалды этиологиясының алдын алу бойынша өзекті міндеттер шешілді. 

Ірі қара мал мен қойлар арасындағы хламидиоздық түсік тастауға қарсы инактивтелген вакцина жасау технологиясы әзірленді.

Ірі қара малдың  кемік тәріздес энцефалопатиясымен күресу шараларын, лейкоздың және  аусыл диагностикумдарын дайындау  технологияларын әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізілді. 

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдары ішінде (1991-2015 жж) институт ұжымы ауылшаруашылық төл ауруларының вирустық, бактериялық және жұқпалы емес этиологиясы, малдардың листериозы, хламидиозы, кампилобактериозы, жылқының сақау ауруы мен пастереллезі, құстар мен аралардың ауруы, қауымдастырылған вакциналар жасау, жануарлар ағзаларының биохимиялық және иммундық деңгейі көрсеткіштерінің динамизмі мәселелер бойынша ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы бар жұмыстар  орындалды.

Институттың барлық жұмысы уақыт бойынша  зертханаларды модернизациялау бар жоғы  екі рет  1977 жылы ҚазҒЗВИ жаңа 3 қабатты ғимараты салынғанда және 2012 жылы ҚР АШМ «Бірыңғай зертхана желісін құру» бағдарламасы бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес қазіргі зертханалық құрал-жабдықтарды сатып алу және күрделі жөндеуге 1 млрд астам теңге бөлінгенде  жүргізілді.

Бүгінде ҚазҒЗВИ республиканың барлық өңіріндегі 11 филиалымен бірге еліміздің жетекші ғылыми мекемелерінің бірі болып табылады. Институтта қазіргі талаптарға сай жабдықталған зертханалар, зертхана жануарларын күту және өсіру үшін жаңа виварийлер, ағынды суларды залалсыздандыру үшін хлоратор, биоқалдықтарын өртеу үшін қолданылған қондырғы орналасқан.   

Ғылыми бөлімшелердің материалды-техникалық базасы сапа стандарттарына сай келеді және халықаралық стандарттарға сәйес ветеринария бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.   

Институтта 102 ғылыми қызметкер, соның ішінде 19 ғылым докторы, 43 ғылым кандидаты, 17 магистр, 18 магистрант және 2  PhD-докторанты жұмыс істейді.

Институтты ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА құрметті мүшесі, ҚР АШҒА академигі Сұлтанов Ахметжан Акиұлы басқарады.

Оның басшылығымен Қазақ ҒЗВИ тарихында тұңғыш рет 2013 жылы институт зертханаларын аккредиттеу бойынша жұмыстар жануарлардың аса қауіпті жұқпалы және инвазиялық ауруларын  диагностикалау, тағам қауіпсіздігі бойынша ILAC MRA и NCA құрамдастырылған белгісін қолдану құқығы  бар ҚР ИСО/МЭК 17025СТ талаптарына сәйкес биоветпрепараттарын, азық және азық қоспаларын сертификаттау бойынша зерттеу орталығы ретінде жүргізілді. 2015 жылы Халықаралық эпизоотологиялық  бюросымен ұсынылған тест бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының зертханалық диагностикалары қосылған 8 бағдар  бойынша аккредиттеу саласы кеңейтілді. 

Алматы қ. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау комитеті департаментінің және ҚР ДМ МСЭБК «ҒӨО санитарлы-эпидемиологиялық сараптамасы мен мониторингі» РМҚК-ның  зертхана бөлмелерінің ҚР СанПин  санитариялық талаптарына сәйкестігіне берген оң қорытындысы алынды. Институттың 5 зертханасы үшін патогендік топтардың ІІ, ІІІ, ІV микро организмдерімен диагностикалық жұмыстарды жүргізуге ҚР МЗ Режимдік комиссиясының рұқсаты алынды. 2014 жылы ҚР СТ  ИСО 9001-2009 «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар» мемлекеттік лицензия алынды. 31.07.2014ж. (№14011000) Прекурстар айналымымен байланысты қызметтерге мемлекеттік лицензия алынды .

2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Ветеринарлық ғылым мен тәжірибе тарихында Қазақ ҒЗВИ тұңғыш рет біліктілікті тексеру провайдері болды (2015 жылғы 11 желтоқсандағы KZ.C.02.1676  аккредиттеу аттестациясы). Біліктілікті тексеруді зертханалық салыстыруларды жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу арқылы сынақтар мен өлшеулердің орындалу сапасының мониторингін жүргізу мақсатында ветеринарлық зертханалар, референттік орталықтар, ғылыми-зерттеу мекемелері жүргізеді.

Республиканың тәуелсіздік кезеңінде институт  600-ге жуық қорғау құжаттарын әзірледі және алды, өндіріске 100-ден астам диагностикумдар, қансарысулар  және вакциналар,  бактериялар  мен паразиттерге  қарсы және емдік  препараттар және дезинфекциялаушы құралдар ұсынылды. Ғылыми еңбектердің 60 томы, 50 монография, 400 астам ұсыныстар, әдістемелік көрсеткіштер мен стандарттар жарияланды. 70 докторлық, 380 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Қазақстанның ветеринарлық препараттары тізімінде институттың дайындаған 15 өнімі әзірлемесі тіркелді. Тұңғыш рет Қазақстанның аграрлық ғылым тарихында  институт өнертабысты пайдалануға 5 лицензия сатты, оларды сатудан түскен пайда 200 млн теңгеден асты.

 «Ветеринарияның қауіпсіздік саласында тәуекелдікті және ғылыми қамтуды бағалау» бағдарламасы мақсатты қаржыландыру үшін даярланды. Бағдарлама мақсаты – математикалық үлгілеу мен болжау әдістерін пайдалану арқылы, елімізде карантиндік және аса  қауіпті инфекциялардың пайда болу мен таралу  тәуекелдігін басқару бағалау және эпизоотологиялық мониторинг бойынша шаралар жүйесін дайындау ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.  

ҒЗУ, ЖОО, ҚР АШМ өкілдерін және мал шаруашылық саласында жұмыс істейтін субъектілерді институт базасына тарту жолымен «ҚР мал шаруашылығының ветеринарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері мен  перспективалары» тақырыбы бойынша  Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің аграрлық мәселелері жөніндегі Комитетінің көшпелі мәжілісі ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты Қазақстанда ветеринарлық қызметтің даму стратегиясын және ветеринарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттің жүзеге асырылатын саясатын талқылау болды. Мәжіліс шеңберінде ҚР Ветеринарлық қызметін, отандық ветеринарияны ғылыммен және кадрлармен  қамтамасыз етуді одан әрі дамыту мақсатындағы нақты ұсыныстар мен шаралар әзірленді.  

Мал шаруашылығының қауіпсіздігі және еліміздің мал шаруашылығының тұрақты жағдайын қамтамасыз ету мақсатында, жануарлар аурулары мен күресу әдістері мен құралдары, оның ішінде диагностикалық препараттар мен ҚР аумағында бөлініп алынған өсінділер негізінде дайындалған вакциналар жетілдіріледі.

Жануарлардың инфекциялық және инвазиялық ауруларға қарсы төзімділігін  арттыру механизмі зерттеледі. Қалыптасқан жаңа нарықтық жағдайларды ескере отырып, қоршаған орта мен ветеринарлық қадағалау нысандар санацияларының, ауылшаруашылық жануарларының жұқпалы емес ауруларын емдеу және алдын алу әдістері, экономикалық тиімді, экологиялық қауіпсіз құралдары әзірленуде. Тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отандық препараттарды әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізілуде. Азықтар мен мал шаруашылығы өнімдерінің ветеринарлық қауіпсізідігін бақылау мен сапасын бағалаудың әдістері жасалуда.

ҚазҒЗВИ ғылыми өнімдері халықты жоғары санитарлық сапалы мал шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында инфекциялық, паразиттік және жұқпалы емес аурулардан республика шаруашылықтарын тұрақты жағдайын жасау, қалпына келтіру мәселелерін шешуге бағытталған. 

Институт өзінің стратегиялық жоспарларында және ҒЗЖ күтілетін нәтижелерінде жануарлардың инфекциялық, инвазиялық және жұқпалы емес ауруларын алдын алу мен зерттеудің теориялық негіздерін, диагностикалық әдістері мен тәсілдерін әзірлеуді болашақта да жүргізе береді.

Республикада жануарлардың денсаулығын қажетті түрде қорғауды қамтамасыз ету, малдың бас санын сақтау және ұлғайту,  өнімділігін арттыру және  мал шаруалығынан  алынатын өнім сапасын жақсарту – институттың болашақтағы тұжырымдамалық міндеті.