Войти Регистрация

Login to your account

Username *
Password *
Remember Me

Create an account

Fields marked with an asterisk (*) are required.
Name *
Username *
Password *
Verify password *
Email *
Verify email *

Қазақстан ғылымының тұңғышы – «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС («ҚазҒЗВИ» ЖШС) 1905 жылы 14 қаңтарда Губерниялық ветеринариялық-бактериологиялық зертхана негізінде Орынбор қаласында құрылған.

1919 жылы Орынбор қаласындағы Ветеринариялық-бактериологиялық зертханасы Қазақ халықтық жер туралы комиссариатының Ветеринария Басқармасының шешімімен Орталық ветеринариялық-бактериологиялық зертханасы болып қайта құрылды. 1923 жылы Қазақ Өңірлік ветеринариялық-бактериологиялық зертханасы болып қайта аталды. Ал 1925 жылы ҚазОАК-тың шешімімен Қазақ Өңірлік ветеринариялық-бактериологиялық институты болып қайта құрылды.

Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1928 жылғы 5 қыркүйектегі №37 Қаулысы бойынша Қазақ Өңірлік ветеринариялық-бактериологиялық институтын Қызылорда қаласынан Алматы қаласына ауыстыру туралы шешім қабылданды.

1940 жылы 19 қаңтарда Қазақ КСР және Қазақстан КП ОК(б) Халықтық Комиссарлар Кеңесінің № 805/б Қаулысы бойынша Алматы (Қазақ) ғылыми-зерттеу ветеринариялық тәжірибе станциясы Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты (ҚазҒЗВИ) болып қайта құрылды.

Қазіргі уақытта Қазақ ҒЗВИ ветеринария саласы бойынша  республикадағы жетекші ғылыми мекеме болып табылады.

Институт зертханасы заманауи құрал-жабдықтармен, зертханалық жануарларды күтіп-бағу және өсіруге арналған жаңа вивариймен, ағынды суларды залалсыздандыру үшін хлоратормен, биологиялық қалдықтарды өртеуге арналған утилизациялық қондырғылармен жабдықталған.

Институтта Қазақстанның барлық аймақтарына ғылыми жобаларды енгізетін және зерттеулер жүргізетін 11 ғылыми бөлімшелер мен 11 филиал қызмет атқарып, жергілікті орындарда мемлекеттік, әлеуметтік құрылымдармен және жеке компаниялармен жедел байланыс орнату жүзеге асырылады.

Ссылка на официальный сайт Международного эпизоотического бюро.